$ 539.06  623.75  6.63

Махмұд Сабырхан мен Хасанбой Дусматов қарсылас атануы мүмкін

Дусматов алдағы уақытта 55 келі салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін, сондықтан олардың жекпе-жегі көрермендер үшін өте тартысты болмақ.

Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2028 жылғы Олимпиада ойындарында өзбекстандық екі дүркін чемпион Хасанбой Дусматовпен рингте кездесу мүмкіндігіне ие болуы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы бапкер Ільяс Оралбеков «Күнгей.kz» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Оралбековтің сөзінше, Дусматов алдағы уақытта 55 келі салмақ дәрежесіне өтуі мүмкін, сондықтан олардың жекпе-жегі көрермендер үшін өте тартысты болмақ.

«Олар бойы мен дене бітімі жағынан шамалас. Тек Махмұд жас, бірақ бұл жерде жас айырмашылық маңызды емес. Дусматов — тәжірибелі, мықты қарсылас. Ол екі дүркін Олимпиада чемпионы, Баркера кубогының иегері және әлем чемпионы атанған», — деді ол.

Бапкердің айтуынша, егер осындай кездесу өтсе, Махмұдтың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары:

«Бұл жерде бәрін жас емес, рингтегі жұмыс көлемі мен тактика шешеді. Махмұд өте жылдам, соққылары әртүрлі бағыттан келеді — жоғарыдан, төменнен, қапталдан. Ал Дусматов көбіне жанынан ұруға сүйенеді. Махмұд қажет болса қорғана алады, шабуылға да шыға алады. Егер сабыр сақтап, өз боксын көрсете білсе, жеңіс біздің жақта болады», — деді Оралбеков.

Айта кетсек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 51 келі салмақ дәрежесінде Хасанбой Дусматов қазақстандық Сәкен Бибосыновты төрешілер шешімімен жеңіп, Қазақстан құрамасын жүлдесіз қалдырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары