$ 539.06  623.75  6.63

«Осыған дейін дәретсіз ойнаған ба»: Футболшыларымыз Лихтенштейнмен матч алдында мешітке барған (ВИДЕО)

Футболшылардың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Лихтенштейнге қарсы матч алдында мешітке барып, жұма намазына қатысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы GoalKZ парақшасы хабарлады.

«Күндіз олар Аллаға құлшылық жасады, ал кешке ірі жеңіске жетті», – деп жазды басылым.

Футболшылардың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

"Реал Мадридке" қарсы ойнағанда баруға ұмытып кеткен бе", "Иманды жігіттеріміз", "Шынымен осы көмектеседі деп ойлайсыздар ма", "Сонда осыған дейін дәретсіз шығып жүрген бе", "Намазға барып жеңіске жеткен екен ғой", деді желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары