$ 539.06  623.75  6.63

«Жақында…»: Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Жақында келесі жекпе-жегімнің қайда және кіммен өтетінін жариялаймын”, — деп жазды Тұраров өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет осы жылдың 5 қыркүйегінде филиппиндік Али Канегаға (12-2-1, 8 КО) қарсы қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Канеганы 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Жанқош Тұраров төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары