Журналист Матеуш Боректің сөзінше, Польша құрамасының бас бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтыруға өз келісім берген.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкерлік қызметке Поляк елінің өкілі Михал Пробеж келуі мүмкін. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Kanalsportowy.pl басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Матеуш Боректің сөзінше, Польша құрамасының бас бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтыруға өз келісім берген.
“Польшаның бұрынғы бас бапкері Михал Пробеж Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келді. Ресми мәлімдеме жақын күндері жарияланады, бірақ келісімшарттың толық шарттары әзірге белгісіз”, – дейді журналист Матеуш Борек YouTube-тағы Moc Futbolu бағдарламасына берген сұхбатында.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ұлттық құрамаға Әли Әлиев бапкерлік еткен еді. Алайда ол Бельгияға қарсы ойында Қазақстан 5:0 есебімен жеңілген соң, отставкаға кетті.