$ 547.57  642.63  6.68

«Ештеңеге қол жеткізбеді»: Сабина Алтынбекова Шерхан Қалмырза жайлы айтты

Бұған жауап ретінде Сабина 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты.

Фото: Instagram/altynbekova_20
Фото: Instagram/altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта желіде Шерханға қарсы «ештеңеге қол жеткізген жоқ», «ерекше ойынымен көзге түспеді» деген сынды жазбалар тараған еді. Бұған жауап ретінде Сабина 18 жастағы қақпашыны қолдап шықты.

«Осындай қолдау көрсетудің орнына сын айтатындар көп. Назар аударма. Ештеңе де бекер болмайды, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Еңбек, мінез және жинақылық – бастысы осы», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сабина Алтынбекованың Шерхан Қалмырзаны қолдап жазған пікірі жас қақпашыға демеу болып, жанкүйерлер арасында да қызу талқылануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары