“Реал” – оңай қарсылас емес".
Алматылық «Қайраттың» форварды Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өтетін мадридтік «Реалға» қарсы ойынды қалай өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кәрі құрлықтың басты додасындағы екінші тур матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтпек.
Жас ойыншы Qazsport телеарнасына берген сұхбатында команда дайындық барысында түрлі тактикаларды қарастырып жатқанын жеткізді:
«Біз оларды екі адам болып тосып алып, допты тартып алсақ, жеңілдеу болады. Немесе қорықпай бір-бірден тартысамыз. Бұл біз үшін жаңа тәжірибе. Маған ең бастысы – команданың жақсы нәтиже көрсетуі. Әрине, “Реал” – оңай қарсылас емес, олар бірнеше рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Дегенмен жанкүйерлер үшін ойнасақ, қолымыздан бәрі келеді деп сенемін», – деді Сәтпаев.