«Реал» футбол клубының ойыншыларын күтіп алуға Алматы әуежайына мыңнан астам жанкүйер жиналды.
«Реал» ойыншылары Алматы әуежайына ұшып келді. Мадрид клубының ұшағын 18 мыңға жуық адам онлайн бақылағандеп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мадридтік «Реал» футбол клубының ойыншыларын күтіп алуға Алматы әуежайына мыңнан астам жанкүйер жиналды.
Бүгін ғана «Реал» сапында Алматыға Мбаппе, Беллингем, Винисиус, Арда Гүлер және басқа да жұлдызды ойыншылар келетінін ресми жариялады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.