$ 544.26  634.72  6.52

«Ешқашан болмайды деп айтпа»: Алматылық жанкүйер «Қайрат пен Реалдың» кездесетінін 4 жыл бұрын болжаған

Плакатты Рома есімді жас жанкүйер төрт жыл бұрын, 2021 жылдың жазында жасаған.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Алматының "Қайрат" футбол клубы Instagram парақшасында ерекше суретпен бөлісті. Онда 2021 жылы түсірілген, кішкентай жанкүйердің қолындағы плакат бейнеленген, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Плакатта жасөспірім: «Чемпиондар лигасы аясында финалда "Қайрат" пен "Реал" кездеседі» деп жазған. Сондай-ақ онда ағылшынша «Ешқашан болмайды деп ешқашан айтпа» деген сөздер бар.

Клуб өкілдерінің айтуынша, плакатты Рома есімді жас жанкүйер төрт жыл бұрын, 2021 жылдың жазында жасаған.

"Біздің кішкентай жанкүйеріміз командамызға үлкен сенім артқан. Ол кезде Рома осындай арманын плакат арқылы жеткізген еді", – деді клубтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары