$ 541.01  640.34  6.52

«Сұраныс тым жоғары»: «Қайрат» – «Реал» ойынына билетке сұраныс рекорд жаңартты

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойыны 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Алматыда өтетін "Қайрат" пен мадридтік "Реалдың" Чемпиондар лигасындағы кездесуіне жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық байқалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Клуб бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше, матчқа 140 мыңға жуық өтінім түскен. Алайда Орталық стадионның сыйымдылығы небәрі 23 мың орынмен шектеледі.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойыны 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

"Әр ойыншыға бес билеттен бөлінді. Бірақ сұраныс тым жоғары. Тіпті футболға бұрын бармағандар да осы ойынды тамашалағысы келеді. Біз өзімізге сұрақ қоямыз: жанкүйерлер "Реалды" көруге ме, әлде бізді қолдауға келе ме?" – деді Уразбахтин.

Айта кетейік, билеттер 23 қыркүйектен бастап сатылымға шығады. Жақында алматылық клубтың баспасөз қызметі билеттер құнының 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін белгіленгенін хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары