$ 540.84  634.46  6.43

Сүйінші! Аида Әбікеева да әлем чемпионы атанды

Қазақстандық былғары қолғап шебері ақтық сында өзбекстандық Навбахор Хамидовамен шаршы алаңға шықты.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Аида Әбікеева (65 келі) ел құрамасы қоржынына төртінші алтын медальды салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық былғары қолғап шебері ақтық сында өзбекстандық Навбахор Хамидовамен шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жек барысында бірінші және екінші раундта Аида қарсыласына есе жіберсе, шешуші раундта қарсыласын көбірек соққыға алды. Осылайша әлем чемпионы атанды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#спорт #боксшы