$ 541.18  636.05  6.52

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

Ол алдағы маңызды матчтарға қатыса алмауы мүмкін. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Футболдан "Қайрат" - "Ақтөбе" матчында қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақарт алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойынның 13-минутында Темірлан Анарбеков ақтөбелік ойыншы Уче Агбомен допқа таласып қалды. Алдына ала мәлімет бойынша "Қайрат" қақпашысының жағы сынған. Темірланның орнын 18 жастағы жас спортшы Шерхан Қалмырза ауыстырды. 

Желі қолданушылары Темірлан Анарбековке көз тигенін жарыса жазуда. Ол алдағы маңызды матчтарға қатыса алмауы мүмкін. 

Айта кетейік, ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына жазылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары