$ 540.84  634.46  6.43

Назым Қызайбай Өзбекстан боксшысын жеңіп, финалға өтті

Енді әлем біріншілігінің алтын медалі үшін бақ сынайды

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Назым Қызайбай 5:0 есебімен басым түсті. Екінші кезең 2:3 есебімен өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші үшминуттықта қазақстандық жеңісті суырып алды.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем біріншілігінің финалына өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары