$ 540.84  634.46  6.43

Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Фото: ҰОК / Сали Сабиров
Фото: ҰОК / Сали Сабиров

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай әлем біріншілігінің ширек финалында үндістандық боксшы Джадумани Сингх Мандегбаммен жұдырықтасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аса жеңіл салмақта сынға түскен отандасымыз бұл кездесуде айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, жартылай финал жолдамасын иеленді. Осылайша әлемдік додада жүлдеге қол жеткізген боксшыларымыздың саны 10-ға жетті. 

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары