$ 538.2  629.64  6.34

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы!»: Қуат Хамитов Ардақ Назаровқа шүйлікті (ВИДЕО)

Ол қазіргі жағдайда депутаттар қоғамның өзекті мәселелерін шешуге басымдық беруі қажет екенін атап өтті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

ММА спортшысы Қуат «Найман» Хамитов Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың Парламент мінберінен анасын құттықтауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Достар, ассалаумағалейкүм. Қазір енді Арекең анасын туған күнімен құттықтап, интернетті жарып жатыр ғой. Халық екіге бөлініп жатыр. Менің айтайын дегенім, бізді Алла сол күнге жеткізсін, Алла бұйырса, біз арабтар сияқты өте бай, қазақтардың бәрінде 5-6 көлік, ақ киімнің орнына шапан киіп алып, басқа мемлекеттерден құл әкеліп, бір адамның басында 5-6 үйден болса, арабтардан асып, бай болып бара жатқанда, медицина мен университет тегін, үйленгендерге тегін үй берілсе, Қытайды алып келіп, технология мен ауыл шаруашылықты көтеріп, жағдайдың бәрін істеп тастағанда депутаттар «Енді не істейміз?» деп ойланса болады. Құттықтаймыз ба, бір-бірімізбен бәстесеміз бе, депутаттар отыратын жерге диван қойып, ұйықтайсыздар ма, оның бәрін істеуге болады. Бірақ қазір емес, оның уақыты келген жоқ. Неге десеңіздер, 2010 жылы менің бала кезімнен бастап халықтың жағдайы өзгермеген. Әлі сол жұмыссыздық, киім-кешек жоқ, несие. Қазір ұйықтайтын емес, экономикалық, даму жағынан соғысатын заманда сондай ғана депутаттар қалуы керек қой. Қалғаныңның бәрің жігітше кетіп қалсаңдаршы, менің осы жақта пайдам жоқ, құр отырмын деп кетіп қалу керек. Сондықтан еліміз үшін еңбек етуді тоқтатпайық», – деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары