11.09.2025, 18:00

Қазақ палуаны дзюдодан Азия чемпионы атанды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Отандасымыз финалда Сауд Арабиясынан келген Мохаммед Уалед Алмалкиден басым түсті.

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Фархат Зейнолла (50 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз финалда Сауд Арабиясынан келген Мохаммед Уалед Алмалкиден басым түсті.

Сондай-ақ ел құрамасынан Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) финалға шықты.

Сондай-ақ, Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (44 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі), Жанайым Маратбек (52 келі) жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі.

Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында өтеді.