11.09.2025, 01:10

Аида Әбікеева үш дүркін әлем чемпионын жеңді

Фото: ҰОК

Жекпе-жек барысында Аида бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түсті.

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Аида Әбікеева (65 келі) 1/2 финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жекпе-жек барысында Аида бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түсті.

Нәтижесінде ол қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалда түркиялық Бусеназ Сурменелимен қолғап түйістірді.

Түркиялық боксшы қазірге дейін 2020 жылы Токио Олимпиадасында чемпион атанса, әлем чемпионатында үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Әлем чемпионатында Аида Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Ен, Лука Хамори (Венгрия) секілді қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

Бүгін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Виктория Графеева (60 келі), Елдана Талипова (80 келіден жоғары) жартылай финалға шықса, Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) жарыс жолын аяқтады.