$ 538.2  629.64  6.34

Әлем Чемпионаты: Нұрбек Оралбай қытай қазағын жеңді

Осылайша Нұрбек Оралбай әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақтан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, і, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай елінің өкілі Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары