$ 537.91  628.87  6.6

Заңғар Нұрланұлы US Open-нің жартылай финалында сүрінді

Ол әлемнің бірінші ракеткасына жол берді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғаш рет юниорлық US Open турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл – еліміздің жас теннисшілері үшін бұрын-соңды болмаған жетістік.

Жартылай финалда отандасымыздың қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2025 чемпионы, болгариялық Иван Иванов болды. Кездесу екі сетпен аяқталды: 1:6, 4:6. Қарсыласының тәжірибесі мен рейтингтегі басымдығына қарамастан, қазақстандық теннисші лайықты ойын өрнегін көрсетті.

Заңғардың турнирдегі жолы да ерекше есте қалды. Алғашқы айналымда америкалық Рошан Сантошты (№93 ITF Juniors) 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Кейін Польша үміті Алана Важногоны (№13 ITF Juniors) 6:4, 6:4 нәтижесімен тізе бүктірді. Үшінші раундта Финляндия теннисшісі Оскари Полданиусты (№8 ITF Juniors) 3:6, 6:1, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалда ресейлік Тимофей Дерепаскоға (№15 ITF Juniors) еш мүмкіндік бермей, 6:2, 6:4 есебімен жартылай финалға шықты.

Осылайша, дебюттік Grand Slam жарысында Заңғар Нұрланұлы әлемнің үздік төрт жас ойыншысы қатарына еніп, Қазақстанның теннис тарихына жаңа тарау қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары