$ 535.13  627.44  6.52

«Жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр»: Темірлан Анарбековке қатысты күтпеген жаңалық

Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Уэльс матчы қарсаңында ұлттық құраманың қақпашыларының жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас бапкер Әли Әлиев баспасөз мәслихатында жағдайды түсіндірді:

«Алдымен медициналық қорытындыны күтеміз. «Оқжетпеспен» өткен ойында Темірлан Анарбеков тізесін жарақаттап алды. Мұхамеджан Сейсенде де кішігірім жарақат бар. Сондықтан негізгі шешімді медициналық штаб қабылдайды. Иә, бізде жақсы қақпашылар жеткілікті, енді олардың арасынан кімнің алаңға шығатынын анықтауымыз қажет», — деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен кездеседі, ал одан кейін 7-8 қыркүйек түнінде Бельгияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары