Бұл орында қазақстандық спортшы бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны ығыстырды.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов алғаш рет UFC ұйымының салмаққа қарамайтын үздіктер рейтингісіне (P4P) енді. Отандасымыз 15 орынды еншіледі, деп хабарлайды спортшының командасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шавкат Рахмонов UFC-де тарихи жетістікке қол жеткізіп, P4P үздік файтерлер рейтингісінде 15-орынға көтерілді. Бұл орында қазақстандық спортшы бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны ығыстырды.
Айта кетейік, Шавкат – P4P рейтингіне енген алғашқы қазақстандық файтер. Жартылай орта салмақтан үздік 15-ке қазіргі чемпион Джек Делла Маддалена (№8) мен бұрынғы чемпион Белал Мұхаммед (№13) кірді.
Ал жақында чемпиондық титулды жеңіп алған Хамзат Чимаев рейтингте 10 орынға алға жылжып, төртінші орынды иеленді. Оның қарсыласы Дрикус дю Плесси 7 орынға төмен түсіп, 11-орынды еншіледі.