$ 542.29  629.54  6.77

Бокстан Азия чемпионаты: Еліміз екінші орынмен жарысты аяқтады

Қыздар мен ұлдар жалпы саны 9 медаль жеңіп алды.

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Бангкокта (Таиланд) өткен World Boxing ұйымының 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1bol.kz мәліметінше, қыздар мен ұлдар жалпы саны 9 медаль жеңіп алды. Оның ішінде бесеуі алтын. Екеуі қыздарға тиесілі болса, үшеуі жігіттерге бұйырды. 

Алтын медаль иегерлері

Ерлер құрамасы:

  • Нұрислам Қалдыбаев (60 кг)
  • Санжарәлі Бегалиев (80 кг)
  • Темірлан Мұқатаев (90 кг)

Әйелдер құрамасы:

  • Гүлназ Бөрібаева (48 кг)
  • Бақыт Сейдіш (70 кг)

Күміс медаль иегерлері

Ерлер құрамасы:

  • Илья Калинин (65 кг)
  • Нұрбек Мұрсал (70 кг)

Әйелдер құрамасы:

  • Шұғыла Нәлібай (75 кг)
  • Әсел Тоқтасын (80+ кг)

Азия чемпионаты (U22) бойынша толық медаль кестесі төмендегідей:

  1. Өзбекстан – 8-6-4
  2. Қазақстан – 5-4-0
  3. Қытай – 3-0-3
  4. Үндістан – 1-4-8
  5. Тайланд – 1-1-1
  6. Жапония – 1-0-1
  7. Вьетнам – 0-1-3
  8. Моңғолия – 0-1-3
  9. Қытай Тайбэйі – 0-1-2
  10. Иран – 0-1-0
  11. Оңтүстік Корея – 0-0-6
  12. Филиппин – 0-0-2
  13. Бутан – 0-0-1
  14. Гонконг – 0-0-1
  15. Непал – 0-0-1
  16. Малайзия – 0-0-1.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#медаль #бокс