$ 539.49  627.7  6.75

Қазақ самбошылары әлем чемпионатында 7 жүлде жеңіп алды

Дүбірлі додада спортшыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дүбірлі додада спортшыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді. Олар: 

1-орын: Маргарита Бажаева (-50 кг);
2-орын: Асқар Еспусинов (-58 кг);
3-орын: Жандос Бейсенбаев (-71 кг);
3-орын:Болат Сапар (-88 кг);
3-орын:Айнұр Төребай (-59 кг);
3-орын:Арайлым Әбенова (-72 кг);
3-орын: Қазақстан құрамасы (командалық сайыс).

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, биылғы бәсекеге 20 елдің спортшылары қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 9
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары