$ 539.49  627.7  6.75

«АҚШ-қа жол тарттым»: Жәнібек Әлімханұлы елден кетіп қалды

"Карлос Адамес үшін әлі де мүмкіндік бар".

Фото: Видеодан алынған кадр/ instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: Видеодан алынған кадр/ instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанып бара жатқанын айтты. Оған себеп қарашада өтетін кезекті жекпе-жегі. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мен АҚШ-қа жол тарттым. Қараша айында шаршы алаңға шығуға дайын боламын. Карлос Адамес үшін әлі де мүмкіндік бар. Егер ол келісім бермесе, мен белбеулерімді басқа қарсыластарға қарсы қорғаймын. Адамес пен оның командасына айтарым: уақыттарың аз қалды!», — деді Жәнібек.

Боксшы жанкүйер сұрағына жауап бере отырып, қарашаның басында жекпе-жек өткізгісі келетінін нақтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 44
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары