57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Усманова барлық жекпе-жектерінде сенімді күрес көрсетіп, финалда Үндістан балуаны Мониді 6:5 есебімен жеңіп шықты.
Мадхия Усманова Афинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Грекияның Афина қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында күрестен әлем чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Мадхия Усманова алтын медаль жеңіп алды.
57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Усманова барлық жекпе-жектерінде сенімді күрес көрсетіп, финалда Үндістан балуаны Мониді 6:5 есебімен жеңіп шықты. Бұл жеңіс жас спортшының мансабындағы ең ірі табысы болып отыр және Қазақстан құрамасының алғашқы алтынына айналды.