Бұл сөзін ол Instagram парақшасында да бөлісті.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған Шон Брэди жуырда осы дивизиондағы қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновқа жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс жасаған еді. Бірақ ол Шавкаттың отбасында болған қайғылы жағдай туралы естімегенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
BradyBagz атты подкастының соңғы шығарылымында Брэди қараша айында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында «Номадпен» айқасуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Бұл сөзін ол Instagram парақшасында да бөлісті. Алайда жазба астында бір қолданушы дәл қазір мұндай ұсыныстың орынсыз екенін ескертіп, Шавкаттың әйелі мен ұлы жақында жол апатына түскенін еске салды.
Оған жауап ретінде америкалық файтер:
«Біз бұл подкастты жексенбі күні таңертең жаздық. Бұл жағдай туралы мүлдем хабарым болған жоқ. Зардап шеккендердің бәрі үшін дұғадамын», – деп жазды.