$ 544.87  639.02  6.88

Сенсация! «Ақтөбе» чехиялық «Спартаны» ұтты (ВИДЕО)

Командалар арасындағы қарымта кездесу 31 шілдеде өтеді.

Фото: fcaktobe_official
Фото: fcaktobe_official

«Ақтөбе» мен Чехияның «Спарта Прага» клубтары Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу Орталық стадионда өтті, оған Кристоффер Хагенес бастаған Норвегиядан келген төрешілер тобы төрелік етті. Прага командасы букмекерлік кеңселер, сарапшылар және AI бойынша фаворит болды.

Командалардың бастапқы құрамы төмендегідей болды:
Ақтөбе: Влад, Анджелкович, Агбо, Каиров, Скворцов, Корзун, Үсенов, Ветежелу, Жан, Шушеначев, Соса;
Спарта: Виндал, Коббо, Шевинский, Ученна, Сугомель, Кайринен, Садилек, Пресиадо, Гараслин, Ррахмани, Кухта.

Андрей Влад алғашқы минуттарда бірнеше рет сейвтер жасады, кейін қонақтар аздап тынышталып, гол жіберді, айып алаңының ортасына жасалған допты Даниэль Соса баспен соқты. Чехтар қайтадан шабуылға шықты, бірақ Влад орнында болды. Екінші таймда қос команда да қауіп төндірді, Лукас Хараслин қақпа маңдайшасын шайқаса, Оралхан Өміртаев жеке-жеке допты аударды, нәтижені пенальтиден Велико Бирманчевич түйіндеді — 2:1. Төмендегі голдардың видеосын көре аласыздар.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 31 шілдеде өтеді.

«Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) — «Спарта» (Прага, Чехия) 2:1 (1:0)

Голдар: Соса 29 (1:0), Өміртаев 82 (2:0), Бирманчевич пенальтиден 90 (2:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары