$ 520.93  609.07  6.68

Қос қазақ боксшысы «Канело» - Кроуфорд кардында өнер көрсетеді

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы бокс кеші 14 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar
Фото: Instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) пен Иван Дычко (14-0, 13 KO) Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы үлкен бокс кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы қос боксшының промоутері Зия Алиев «Наш Боец» YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді:

«Данияр қыркүйекте өтетін «Канело» – Кроуфорд жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. Қазір осы бағытта нақты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы шілде айында ол бір жекпе-жек өткізеді. Ол қазір лагерьде жаңа бапкермен жұмыс істеп жатыр, барлығы Питтсбургте. Ол бабында, дайындығы керемет деңгейде.

Ваня (Иван Дычко) да сол жерде келісімшартқа отырған. Ол да шілдеде бір жекпе-жек өткізеді, ол да Питтсбургте. Біз бұл айқастарды олар қыркүйектегі үлкен шоуға дейін белсенді болуы үшін ұйымдастырып отырмыз. Иван да қыркүйек айындағы кеште жұдырықтасады», - деді Алиев.

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы бокс кеші 14 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары