$ 520.93  609.07  6.68

Едіге Қасымбек 18 жасында еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Едіге U20 санатында Азия чемпионы атанды.

Фото: uww.org
Фото: uww.org

Бішкекте еркін күрестен жастар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстанның намысын қорғаған 18 жастағы Едіге Қасымбек алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшы Едіге Қасымбек ел қоржынына алтын жүлде салды. Финалда қазақстандық балуан моңғолиялық спортшы Нагантулга Дармаабазармен кездесіп, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Едіге U20 санатында Азия чемпионы атанды.

Отандасымыздың бұл жеңісі еркін күрестен 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы үшін құрлықтық турнирдегі жалғыз алтын медаль болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары