$ 520.93  609.07  6.68

«Құны 200 миллион теңге»: Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

Фото: жеке парақшасынан алынды
Фото: жеке парақшасынан алынды

Қазақстандық UFC файтер Шавкат Рахмонов люкс санаттағы Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

Жекпе-жек шебері осылайша өзіне қымбат сый жасауды шешкен.

«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң ешкім сені ойламайды», – деп жазды Рахмонов әзілдеп желідегі парақшасында.

Mercedes-Benz-тің Қазақстандағы ресми диллерінде аталған көліктің құны 103 млн теңгеден басталады.

UFC жұлдызы бұған дейін жарақаты жазылып жатса, желтоқсан айында сегізбұрышқа оралып қалуы мүмкін екенін айтқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары