Желіде жарияланған суретте мәрмәр тақтада Санжардың есімі жазылғаны көрінеді.
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Лос-Анджелестегі атақты Даңқ аллеясында өз есімі жазылған жұлдыз фонында түскен суретін әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде жарияланған суретте мәрмәр тақтада Санжардың есімі жазылғаны көрінеді.
Бұл Голливудтың Сауда палатасы ұсынған ресми жұлдыз емес, кез келген турист тапсырыс бере алатын имитация.
Мұндай "Даңқ жұлдызының" құны шамамен 35 еуроны (яғни 21 мың теңге шамасында) құрайды.
Әзіл ретінде жарияланғанына қарамастан, бұл жазба спортшының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшілік Санжар рингтегі жетістіктері үшін нағыз жұлдыз болуға әбден лайық деп есептейді.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай бокста әлем чемпионы, Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері.