$ 519.58  609.36  6.63

Әбиба Абужақынова қолына диплом алды

Болашақ заңгер.

Фото: Жанарбек Әшімжанның парақшасынан
Фото: Жанарбек Әшімжанның парақшасынан

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Әбиба Әбужақынова университеттегі оқуын тәмамдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сүйінші жаңалықты Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде жазған.

«Дзюдодан 48 келідегі дүниежүзінің үздік балуаны, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 2025 жылы Аустрияның Линц қаласында өткен әлемдік “Гран При” жарысында қарсылас шыдатпай чемпион атанған даңқты Әбиба Әбужақынова қарындасымыз бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі атанып, үздік дипломға ие болды. Батыр қызымыздың қуанышы құтты болсын!», - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары