$ 518.81  596.27  6.63

«Геннадий Головкин секілді болсам деймін»: Нұрбек Оралбай алдағы жоспары туралы бөлісті

Ең үлкен арманым – Олимпиада чемпионы болу.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай ең үлкен арманын ортаға салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ең үлкен арманым – Олимпиада чемпионы болу. Содан кейін кәсіби бокста Геннадий Головкин секілді үлкен белестерді бағындырып, белбеулердің бәрін ұту», – дейді боксшы.

Сонымен қатар ол алда қандай жарысқа араласатынын жария етті.

«Алда Астанада қаласында Әлем кубогі өтеді. Сонда бақ сынап, еліміздің Туын көтеруге барымызды саламыз, еңбек етіп жатырмыз», – дейді Н.Оралбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары