$ 511.92  588.91  6.44

Жәнібек Әлімханұлы рейтингтегі бірінші орнынан айырылды

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Фото: twitter.com/qazaqstyle
Фото: twitter.com/qazaqstyle

BoxRec.com порталы орта салмақтағы әлемдік бокс рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін көш бастап келген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) рейтингте бір саты төмендеп, екінші орынға жайғасты. Орнына кубалық тәжірибелі боксшы Эрисланди Лара (31 жеңіс, 3 жеңіліс, 3 тең нәтиже) шықты. Үздік үштікті британдық Крис Юбэнк (35 жеңіс, 3 жеңіліс, 25 нокаут) қорытындылап тұр. Төртінші орында — Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО).

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Эрисланди Лара WBA титулының иегері болса, Карлос Адамес — WBC чемпионы, ал Крис Юбэнк IBO белбеуін иеленіп отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары