Бұйырса өз еліміздегі әлем чемпионатында алтын аламын деп ойлаймын.
Будапештте өткен Әлем чемпионатында алтыннан қағылып қалған Әбиба Әбужақынова сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Басты мақсатымыз осы жылғы әлем чемпионаты болған, сол үшін өздеріңіз білесіздер Азия чемпионатында күрестірген жоқ. Бапкерлерім маған тактикаға жұмыс істеді, өзім финалда кішкене қателік жіберіп қойдым. Алтын үшін келген болатынмын, бірақ алтын бұйырмады. Бұйырса өз еліміздегі әлем чемпионатында алтын аламын деп ойлаймын», — деді ол.