$ 513.74  569.17  6.33

Қазақстандық танымал балуан басшылық қызметке тағайындалды

Руслан Әбдіразақов көпшілікке қазақ күресі арқылы кеңінен танымал.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жүлдегері Руслан Әбдіразақов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі балуан Алматы облысының Балқаш ауданындағы спорт мектебіне директоры қызметіне бекітілді.

«Бүгіннен бастап Балқаш ауданындағы спорт мектебінің директоры қызметін атқарудамын», - деді спортшы.

Руслан Әбдіразақов көпшілікке қазақ күресі арқылы кеңінен танымал. Ол «Қазақстан барысы» турнирінің тұңғыш чемпионы Ұлан Рысқұлдың туған інісі.

Ол дзюдо күресінен ел чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Сондай-ақ, 2014 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында белдесті. Бұдан бөлек, қазақ күресінен 2019 жылы 100 келі салмақта әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары