Тәжірибелі балуан 3-орын үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.
Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тәжірибелі балуан 3-орын үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.
Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 9 мамырда Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Талғат Орынбасар (60 келі) күміс алса, Аман Бақытжан және Мағжан Шамшадин қола жүлдеге қол созды.
Сондай-ақ олардың қатарына бүгін қола медаль алған Есет Қуанов (73 келі) қосылды.
Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.