$ 516.16  584.86  6.25

Әбиба Әбужақынова Душанбеде Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне ие болды

Ол қарсыласын иппон әдісімен жеңді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Әбиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық, 20 жастағы Улбусын Хакимовамен татамиге шықты.

Әлемдік рейтингіде 6-орында тұрған Әбиба белдесуді көпке созған жоқ. Қарсыласын иппон әдісімен жеңді. 

Бұған дейін Әбужақынова жартылай финалда қытайлық Вене Жуангқа есе жіберген болатын. Ал Жуанг финалда моңғолиялық балуаннан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетсек, қазақстандық дзюдошы биыл Аустрияның Линц қаласында Гран-при жарысында жеңімпаз атанған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары