$ 512.32  582.92  6.29

Чемпиондар лигасы: Бүгін жартылай финалдың алғашқы ойыны өтеді

Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында алғашқы ойын өткізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған кездесуде «Арсенал» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) шеберлік байқасады.

Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның екуінде англиялық клуб жеңіске жетсе, қалғанына тең нәтиже тіркелді. 

2024 жылдың 1 қазанында Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Арсенал» аталған қарсыласынан 2:0 есебімен басым түскен еді. 

Бүгінгі ойында англиялық клуб сапында бес футболшы жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Олардың қатарында Габриэл Жезус, Тахэхиро Томиясу, Кай Хаверц, Габриэл Магаляйнс, Риккардо Калафьори бар.

Сондай-ақ бұдан бұрынғы ойындарда тәртіп бұзуына байланысты Тоас Парти бүгін англиялық клубқа көмектесе алмайды.

Ал «Пари Сен-Жермен» сапында барлық футболшылар алдағы ойынға толық дайын. 

Жарыстың аталған сатысында ертең, 30 сәуірде «Интер» (Италия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары