$ 512.32  582.92  6.29

Отандасымыз Әлем кубогында алтыншы алтын жүлдесін жеңіп алды

Бұл сында күміс жүлде Кипр спортшысы Мариос Георгиуға бұйырды.

Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті
Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық гимнастшы Милад Карими 2025 жылғы Әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан жарыста Карими кермедегі жаттығуда үздік көрсетіп, 14,466 ұпай жинады. Осылайша Милад алтын медальға ие болды.

Бұл сында күміс жүлде Кипр спортшысы Мариос Георгиуға бұйырды. Ол  14,066 ұпай жинады. Ал 13,866 ұпай жинаған швейцариялық Ноэ Сейферт қола медаль еншіледі.

Қазақстандық гимнастшы Әлем кубогындағы алтын жүлде санын 9-ға жеткізді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары