$ 512.32  582.92  6.29

Дзюдошы Мейірлан Максим Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Отандасымыз тәжікстандық Умеджан Ражабовты жеңді.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Таиландта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Мейірлан Максим қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

90 келіде белдескен отандасымыз шешуші сында тәжікстандық Умеджан Ражабовты жеңді.

Сонымен бірге, аталған салмақта Ермахан Әнуарбеков белдесіп, шешуші сәтте Жапония өкілі Комеи Каватаға есе жіберді.

Бүгін әйелдер арасында +78 келіде Ақерке Рамазанова қола жүлде үшін Моңғолия спортшысымен белдеседі.

Аталған жүлде Қазақстан ерлер құрамасы қол жеткізген екінші қола жүлде. Бұған дейін 60 келіде Шерзод Давлотов қола медаль иеленген болатын. Сондай-ақ, әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Бақыт Құсақбаева (57 кг) қола медальға қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары