$ 512.32  582.92  6.29

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде тағы да топ жарды

М.Каримидің еркін жаттығудың финалында шебер өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан 14.133 ұпай алды. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

М.Каримидің еркін жаттығудың финалында шебер өнер көрсетіп, төрешілер тарапынан 14.133 ұпай алды. 

Болгария өкілі Эдди Пенев (13.966 ұпай) күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13.866) түйіндеді.

Милад бұдан бұрын Хорватияның Осиек қаласында кермедегі жаттығудан алтын алған еді. Ал Дохада еркін жаттығудан алдына жан салмаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары