$ 512.32  582.92  6.29

Астанада «Жеңіс» футбол клубы «Тобылға» қарсы ойнайды

Матчты Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Фото: instagram/jenisfk.kz
Фото: instagram/jenisfk.kz

8 наурыз күні елордалық "Жеңіс" футбол клубы Қостанайдың "Тобыл" клубымен Астанада кездеседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ойын 16:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл – "Жеңіс" ФК-ның жаңа маусымдағы алғашқы үйдегі матчы болмақ.

"Сіздерді тек қызықты футбол матчы ғана емес, жанкүйерлерге арналған түрлі шаралар, сыйлық ұтыстары және тағы да басқа қызықтар күтеді! Ал ойын үзілісінде арнайы қонақтар – Kali мен Malcolm Kush өнер көрсетеді. Барша футбол сүйер қауымды Халықаралық әйелдер күнін бізбен бірге атап өтуге шақырамыз!" – делінген "Жеңіс" ФК-ның Instagram парақшасында.

Матчты Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары