$ 457.09 € 508.42 ₽ 5.67

Тасмағамбетовтің күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

Осы аптада оған іздеу жарияланады.

Бүгін бірқатар телеграм-каналдар бизнесмен Кеңес Рақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Nege.kz тілшісі мұның анық-қанығын Бас прокуратураның баспасөз қызметінен сұрап білді.

«Ақпарат көзінің хабарлауынша, Кеңес Рақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оның айтуынша, осы аптада оған іздеу жарияланады», – деп жазды ABZHAN NEWS телеграм-арнасы.

Nege.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласып, К.Рақышевқа қатысты делінген қылмыстық істің жай-жапсарын сұрады. Алайда Бас прокуратураның баспасөз қызметі «ондай ақпарат жоқ екенін» мәлімдеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0