22.11.2026, 23:30

Қарағанды циркінде өнер көрсетіп жатқан акробат 5 метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қарағанды циркінің ресми парақшасында әзірге жағдайға байланысты мәлімет берілмеген.

Қарағанды циркінде өнер көрсету кезінде әуе гимнасты шамамен бес метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғаға қатысты видео куәгерлердің бірі түсіріп, Ekaraganda Instagram парақшасында жариялаған. Ал Қарағанды циркінің ресми парақшасында әзірге жағдайға байланысты мәлімет берілмеген.

Алдын ала ақпарат бойынша, әртіс қойылым кезінде сақтандыру құралдарын пайдаланбаған. Өнер көрсету барысында тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен бес метр биіктіктен құлаған.

Кейін бағдарлама жүргізушісі зардап шеккен гимнастты медицина қызметкерлері тексергенін хабарлаған. Оның айтуынша, әртістің жағдайы жақсы, ол жақын уақытта жұмысын жалғастыра алады. Осыдан соң цирктегі қойылым қайта жалғасқан.

Дегенмен желі қолданушылары әртістің денсаулығына алаңдап, мұндай құлау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін жазған. Сондай-ақ оқиғадан кейін цирк бағдарламасының жалғастырылғанына қарсылық білдіргендер де болды.