Бұл құқық Конституциямен қорғалған.
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев азаматтарды рұқсатсыз фотоға және видеоға түсіруге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, жеке өмірге қол сұғылмау құқығы тек шенеуніктерге емес, барлық азаматқа бірдей қатысты. Бұл құқық Конституциямен қорғалған.
Алайда шенеунік заң немесе қызметтік әдеп нормаларын бұзса, оны фотоға не видеоға түсірген азамат жазаланбауы керек. Ал мемлекеттік қызметкер жұмыстан тыс уақытта отбасымен демалып жүрсе, оның жеке өміріне араласу дұрыс емес екенін айтты.
Министр бұл мәселені әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заң жобасын талқылау барысында түсіндірді.