Ақорда мәліметінше, құттықтау хатында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты пікірін білдірген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичске елдің ұлттық мерекесі – Латвия Республикасын жариялау күніне орай құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақорда мәліметінше, құттықтау хатында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты пікірін білдірген.
– Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі, – делінген Ақорда хабарламасында.