17.11.2026, 18:00

Алматыда бірқатар кандидат мәслихат сайлауынан шеттетілді

Фото: Pixabay

Тиісті хабарламалар Алматы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына сайлауға түспек болған бірнеше кандидат тіркеуінің күшін жойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тиісті хабарламалар Алматы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Атап айтқанда, № 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша аймақтық сайлау комиссиясы екі кандидаттың — «Репродуктивті медицина институты» ЖШС колл-орталығының басшысы Айнара Нұрдин мен бірнеше ұйымда басшылық қызмет атқаратын Бибек Жүнісовтің тіркеуі алынып тасталған.

Сонымен қатар 17 қарашада № 8 округ бойынша аймақтық сайлау комиссиясы депутаттыққа өзін ұсынған «Жасыл Алматы» КММ саябақтарды күтіп-ұстау бөлімінің бастығы Самат Сағымбеков тіркеуінің күшін жойды. Жалпы қараша айының басынан бері Алматыда мәслихат сайлауына қатыспақ болған 17 кандидаттың тіркеуі тоқтатылды.

Бұған дейін № 12 сайлау округі бойынша «Сен үшін — Ради тебя» қоғамдық қорының президенті және «Халықаралық құқықтық альянс» ЖШС бас директоры Эльмира Таубаева тіркеуінің күші жойылған болатын. № 5 округ бойынша Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасының президенті Светлана Романовскаяның тіркеуі жойылды.

Одан бөлек № 1 округ бойынша «NURKENT SAUDA» ЖШС директоры Ернар Биіковтің, № 3 округ бойынша № 29 қалалық емхананың бухгалтері Айзада Мұхамбетқалидің, № 4 округ бойынша «FIRST» кәсіби бухгалтерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Шолпан Бертісбаеваның тіркеуі күшінен жойылды.

№ 5 округ бойынша «Pactum Verny заң компаниясы» ЖШС заңгер ассистенті Диас Тілебалғановтың, № 6 округ бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің директоры Арман Тойбековтің, № 10 округ бойынша «Хан Тәңірі ТК» МИБ төрағасы Талғат Шолановтың тіркеуі жойылды.

Дәл осындай шешімдер № 15 округ бойынша «ҚАҒАЗ ИНВЕСТМЕНТС» АҚ бас директоры Серік Шынтасовқа және № 16 округ бойынша «СК Пром Индустрия» ЖШС директоры Қуат Бейсембаевқа қатысты қабылданды.

Тіркеудің күшінен жойылуы ең көп № 21 сайлау округінде тіркелді. Мұнда сайлау додасынан бірден төрт кандидат шығып қалды: Сәбит Молдағалиев, Станислав Әбілев, Елена Сергеева және Дмитрий Лактюшин.

Жарияланған хабарламаларға сәйкес, кандидаттардың тіркеуін күшінен жоюға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 3 және 4 тармақшаларының ережелері негіз болған.