$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилиядағы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияда өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қазақстан президенті құттықтау хабарламасын X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия көшбасшысының жеңісін лайықты деп бағалап, ел азаматтарының оның саяси бағытын қолдағанын атап өтті.

«Бразилия халқы Сіздің ұлттық егемендікті нығайтуға, Бразилияның ықпалды әлемдік держава ретіндегі рөлін арттыруға, БҰҰ-ны реформалауға және әділетті әлемдік тәртіп орнатуға бағытталған бағытыңызға қолдау білдірді», — деп жазды Қазақстан басшысы.

Дауыстардың 99,98% есептелгеннен кейін Луис Инасиу Лула да Силва 51,78%, ал Флавио Болсонару 48,22% дауыс жинаған. Мемлекет басшысы Бразилиямен арадағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0