$ 469.83  536.83  5.97

Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Оқиға Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылындағы демалыс аймақтарының бірінің маңында болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында екі гидроциклдің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылындағы демалыс аймақтарының бірінің маңында болған.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы кешкі уақытта тіркелген. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмса, екінші адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0