11.05.2026, 20:30

Мемлекет басшысы Бразилия президентін елімізге шақырды

Фото: Ақорда

"Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді".

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

– Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.

Фото: Ақорда

Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор. Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.